Мамлют қазақ мектеп–интернатының қамқорлық кеңесінің отырысы

№5 Хаттама

Мамлют қазақ мектеп–интернатының қамқорлық кеңесінің отырысы

Өткізген күні: 21.04.18 г.

Уақыты: 11.00

Қатысушылар:

1.Ахметов Б. — мектеп директоры
2.Ишмаев Е.Н. — шаруашылық жұмысы бойынша директордың орынбасары
3.Кангожин А.К. — АӘДпәнінің мұғалімі
4.Сыздыков М.Т. — өрт қауіпсіздігі бойынша топ командирі
5.Қамқорлық кенесінің төрайымы — Рамазанова А.К.

Күн тәртібі.

1.Өрт жағдайындағы қауіпсіздгі бойынша іс – шаралардың есебі-Ахметов Б.

2.ӨҚ бойынша инструктаж — Ишмаев Е.Н

1. Оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымның мақсаты - білім беру ұйымдарының оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметін реттеу болып табылады. Ұсыным Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамалары, нормативтік құқықтық актілері ескеріле отырып, ведомстволық талаптар негізінде дайындалды.
Мектептебұйрық бойыншаөрт қауіпсіздігіне жауапты адамдар тағайындалды; өртке қарсы режим орнатылды; мекемеде электрлік газбен дәнекерлейтін және басқа да отпен байланысты жұмысты ұйымдастыру мен өткізу тәртібі; қызметкерлерді өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту бойынша шараларды өткізу; объектіде кешкі, түнгі уақытта,демалыс және мереке күндері өртке қарсы режим мен өртке қарсы күзетті күшейту туралы жұмыстары іске асырылды.

Мектепте өртті болдырмау іс-шаралар жоспар бойынша өтуде. Мектептегі қауіпсіздік бойынша инструктаж өтуде. Эвакуация жұмыстары жоспар бойынша өтіп жатыр, барлық текникалыққұралдар бар, есіктер ашық.

2. Өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар бойынша Ишмаев Е.Н. сөйледі. Мектептегі эвакуация жоспарымен таныстырды. Қамқорлық кенесінің мүшелері талаптар бойынша сұрақтар қойды: Техникалық жабдықтар барлық сыныптарда бар ма? Терезелер ашыла ма? Өрт дабылы жұмыс істей ма?
Барлық сұрақтарға жауап берілді. Нормаға сай барлық пункттер іске асырылды, барлық керек жабдықтамалар бар, жұмыс істейді, сынып терезелері мен есіктер ашық. Инструктаж бойнша жұмыстар уақытымен өткізіледі.

Шешімі:

  1. Эвакуация жұмыстарын жоспар бойынша өткізу
  2. Тәрбие жұмысының жоспары бойынша оқушыларға өрт қауіпсіздігі туралы сыныпсағаттарын өткізу
  3. Техникалық жабдықтамаларға назар аудару
  4. Уақыттылы инструктаж өткізу

Хатшы: Рахметалин Е.

Дата публикации: 21.04.2018